Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты,«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы» және облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы арасындағы «Әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік, экономикалық және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған Әйелдер ісі жөніндегі өзара ынтымақтастықтың үшжақты меморандумы» қабылданды.
Үшжақты меморандумның мақсаты аймақтың әлеуметтік-идеологиялық қызметін жетілдіруге үлес қосу, өңірде мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына атсалысу, қоғамдық ұйымдардың, руханият орталықтарының жергілікті атқарушы органдар арасындағы байланысты одан әрі нығайту болып табылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!