Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Университетте Microsoft компаниясы өкілінің қатысуымен семинар өтті

31.05.2024, 12:00 304

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Microsoft компаниясының ТМД елдерінде білім беруді дамыту бөлімінің басшысы Данияр Жұмабековтің қатысуымен «Қорқыт ата университетіндегі цифрлық трансформация: Microsoft AI арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз» тақырыбында семинар өтті.

Оған университеттің басқарма мүшесі, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева, Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Махмұт Томановпен университет оқытушылары қатысты.

Семинарда Данияр Жұмабеков цифрлық трансформацияның маңыздылығын түсіндіріп, университеттердегі цифрлық трансформацияның қазіргі заманғы білім беру процесіне қалай әсер ететінін көрсетті.

Microsoft AI құралдарын таныстырып, Microsoft Copilot құралдары арқылы жұмыс өнімділігін арттыру және процестерді оңтайландыру жолдарын айтты. Сонымен қатар, Microsoft AI құралдарының қолданылуы арқылы оқу процесін жақсарту, студенттердің білім алу деңгейін көтеру және әкімшілік жұмыстарды оңтайландыру жолдарын түсіндірді.

Мазмұнды семинар соңында қызметкерлерге практикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: