Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Виталий Соболев: «Балаларым қазақ тілінде білім алса екен деймін»

17.03.2021, 15:00 483

HALYQLINE.KZ Мемлекеттік тіл мәртебесі Ата заңымызда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде, бизнесте, іс-қағаздар жүргізуде қолданылатын тіл. Мемлекеттік тіл – мемлекет негізін құраушы әрі жердің бұрыннан бері иесі болып табылатын елдің тілі.

Бұл тарапта Қызылорда қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және одан әрі дамыту үшін өз үлесін қосып жатыр. Кез келген мемлекеттің дамып, өсіп-өркендеуі үшін ішкі тұрақтылық, заңдылық бұлжымай сақталуы тиіс. Заң талаптары мен әділдік үстемдік құрған қоғамда ғана ілгері даму болады. Бұл – өмірдің өзі дәлелдеген, талас тудырмайтын ақиқат.

​ Құқық қорғау саласындағы қызмет оңай емес, толықтай өзін арнауды қажет етеді. Осынау күрделі жұмысты өздеріне жауапкершілік етіп алған полиция қызметкерлері барлық мемлекеттік органдармен, бағынысты басқармалар және мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізуде. Біз қол жеткізген жетістік, орталық аппарат қызметкерлері өзіне тиесілі құжаттарды өз бетімен мемлекеттік тілге аударады немесе мемлекеттік тілде дайындайды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің барған сайын ауқымын кеңейтуге, тілдің ресми қолданысы мен мәртебесін көтеруге байланысты көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Қалалық Полиция басқармасының дерегінше жеке құрам арасында өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілін жақсы меңгерген.

​ Ең бастысы, жүрегі қазақ деп соғатын әр азамат Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген қанатты сөзін ұмытпай, өзгеру мен қоршаған ортасын өзгертуді бастаса мемлекеттік тіл – қазақ тіліміздің болашағы жарқын болары анық.​ Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторы бөлімшесінің аға инспекторы, полиция капитаны Соболев Виталий ​ №198 Ж.Нұрманов атындағы​ орта мектепте сегіз жылдан астам қызмет атқарады. ​Өзінің ұлты орыс болса да, оның отбасында қазақ тілі күнделікті қарым-қатынас тілі екендігін айтуда.

«Мен және менің отбасы мүшелерім қазақ жерінде туып-өскен. Және де балаларым болашақта қазақ мектебінде білім алса екен деген тілегім де бар», – дейді Виталий Алексеевич.

​«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп Қадыр Мырзалиев жырлағандай, бүгін қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, ана тілімізді қастерлеу – баршамыздың парызымыз. Осы орайда, Басқармамызда мемлекеттік тілдің мәртебесін, маңызын арттыруға бағытталған іс-шаралар жалғасын табады.

​ ​ ​ ​ Қызылорда қаласы​ Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: