HALYQLINE.KZ Рамазан айында коронавирусқа қарсы вакцина салдыру оразаны бұзбайды. Бұл туралы мешіт өкілдері мәлім етті деп хабарлайды Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қасиетті Рамазан айында ораза ұстауды жоспарлаған жандардан сұрақтар түсе бастаған. Оларды толғандырған сұрақ «коронавирусқа қарсы вакцина оразаны бұзуы мүмкін бе?»
Осы орайда ведомство Алматы қаласының «Орбита» шағын ауданындағы мешіттің мамандарына жүгінген. Мешіт өкілдері егер ас қорыту жүйесіне түсетін зат, ауыз қуысы және мұрын арқылы енсе, онда ораза бұзылатынын айтқан.
Ал инъекциялар және коронавирус вакцинасын салу кезінде ораза бұзылмайтынын атап өткен.
«Сол себепті COVID-19 қарсы вакцина салдыру оразаны бұзбайды. Одан бөлек, мешіт қызметкерлері емдеуге қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілетінін мәлім етті. Олар: дәрумендер және құнарлы емес заттар», – дейді Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 13 сәуірден 12 мамырға дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздан бастап елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның екінші кезеңі басталды. Көктемнің алғашқы айында мектеп мұғалімдеріне, ЖОО педагогтарына, сондай-ақ ведомстволық медицина қызметінің қызметкерлеріне, жалпы алғанда 150 мыңдай адамға екпе салу жоспарлануда.
Мәселен Нұр-Сұлтанда вакцина салдыратындардың тізімі жасалып, емханаларға берілген.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ол үшін 36 емхана мен ведомстволық медициналық ұйымдарда екпе егу пункттері ұйымдастырылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!