Маңғыстаулықтар ресейлік делегацияға құрмет көрсетіп шығарып салған.
Оларды Ресейден көмекке келген медицина қызметкерлері мінген борт алып кеткен.
Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, ресейлік делегацияны Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары мен жастар ақ тілегін айтып, шығарып салды. Осылайша, түрлі деңгейдегі жарақат алған 9 ресейлік еліне қайтты.
Ұшақ апатынан жарақат алғандардың барлығына Ақтаудағы ауруханаларда қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Сонымен қатар, Ақтауда Вице-премьер Қ.Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбай қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін, жағдайды бақылауда ұстайтынын айтқан еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!