Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұраншылдық жарға жығады

26.08.2025, 8:35 139

HALYQLINE.KZ

2017 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.

Көп ұзамай мейрамханалар мен кофе-барлардың маңдайшалары латын қарпімен жазыла бастады. Артынша көшелердің атауы, ауылдар мен кенттердің кіреберісіндегі аркадағы жазулар да латын графикасына көшті.

Сөйтіп, латыннегізді жаңа қазақ әліпбиінің емле ережесі бекітілмей, дұрыс нұсқасы анықталмай жатып-ақ «ұлы науқаншылдық» басталып кетті. Ғалымдар әліпбидің бірнеше нұсқасын ұсынып, ортақ пікірге келе алмай жүргенде, бір ауылдың әкімі елді мекен атауын латыншаласа, екінші әкім науқаннан қалып қойғандай күй кешкенін біз талай рет көрдік, естідік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын графикасына қатысты өз ойын ашық білдіріп, әзірге жаңа әліпбиге сұраныс жоқ екенін ескертті. Енді бизнес субъектілері өз еріктерінде – қаласа атауын өзгертеді, қаламаса латыншамен тұрады. Ал мемлекеттік мекемелер ше? Стандарт бойынша ресми құжаттарда кириллица қолданылуы міндетті.

Нұрлат  БАЙГЕНЖЕ,

журналист.

Астана  қаласы

Фото: egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: