Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлыстың ұлы күнін бірге тойлайық

18.03.2025, 11:30 65

HALYQLINE.KZ

Құрметті  Қызылорда  қаласының  тұрғындары  мен  қонақтары!

Сіздерді 22 наурыз күні сағат 9:00-де Ұлыстың ұлы күнін бірге тойлауға шақырамыз!

Әз-Наурызда Ә.Спанов көшесін бойлай киіз үйлер тігіліп, салт-дәстүрлерден көріністер мен арнайы көрмелер дайындалады.

Елімізге танымал эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасы, түрлі сайыс пен театрландырылған қойылымдар ұсынылады.

Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің жаршысына айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын!

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Ә.Спанов көшесі (бұрынғы Тараз көшесі), Өнер орталығының маңы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: