Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров жастармен кездесті

28.02.2025, 12:05 63

ҚР ҰҚК Шекара Қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровпен жастар арасында ерекше кездесу өткізді. 104 жастағы ардагердің өмірі мен тәжірибесі жастар үшін үлкен үлгі болып табылады. Іс-шараға “Застава Тарландары” РҚБ-і ҚОФ-ның төрағасы А.Худояров және “Жас шекарашы” ӘПҮ-нің тәрбиеленушілері қатысты.

Кездесу барысында Яхия Тасыров жастарға өзінің соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, патриотизм мен адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын атап өтті. Ардагердің жастарға ақ батасын беруі, сондай-ақ әскери-патриоттық үйірмелердің қатысуы шараның мәнін арттырды.

«Біздің міндетіміз – ардагерлеріміздің ерлігін ұлықтау және олардың тәжірибесінен сабақ алу», – деді – А.Худояров.

«Бүгінгі шара жастарымыздың әскери тарихымызға, соғыс ардагерлерінің ерліктеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған».

Кездесу барысында жастар ардагермен сұхбаттасып, оның өмірлік тәжірибесінен көптеген құнды сабақ алды. Яхия Тасыровтың өмір жолы мен ерліктері – болашақ ұрпаққа үлгі болатын маңызды сабақ.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті жастарды патриотизмге тәрбиелеу, тарихи сананы қалыптастыру және ардагерлерімізді құрметтеу бағытында жұмыстарын жалғастырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: