Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық киім – халықтың мәдени мұрасы

18.03.2024, 11:40 353

Наурызнама онкүндігі – төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, ең жақсы адами қасиеттерді – ашықтықты, шынайылықты, жауаптылықты, қайырымдылықты ашуға бағытталған. Ұлттық киімге арналған бүгінгі күн Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесіндегі әр қызметкер үшін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.

Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленіп келді. Тіпті, заманауи сән талғамы да оның маңызын кеміте алмақ емес. Қазіргі заманғы ұлттық киім ұлттық мінез бен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды.

Атаулы күн бұл салада жаңашыл көзқарас пен шығармашылық тұрғыда дәстүр мен стильді ұштастыруға ынталандыратын “Ұлттық киім” күнін ұйымдастыруға себеп болды. Мұндай іс-шара ұлттық мәдениетті сақтауға және насихаттауға үлес қосып, сонымен қатар халық мұрасының маңыздылығын еске түсіріп, бірлігімізді арттыра түседі.

Бұл күнді мекеме қызметкерлері өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігі үшін мақтануға, озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға арнады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: