Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Үздік логотип» облыстық байқауы жарияланды

31.01.2025, 16:05 90

Облыстық тілдерді оқыту орталығының «Үздік логотип» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Ұйымдастырушы: Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-і

Жалпы ережелер
Бұл ереже үздік логотип жасауға бағытталған байқаудың мақсаттарын, міндеттерін, байқауға ұсынылатын материалдарды іріктеу жолдарын, байқау талаптарын және оның өткізілу тәртібін, байқау жеңімпаздарын анықтау және марапаттау тәртібін айқындайды.
Логотип – толық немесе қысқартылған атауды таңбалау үшін пайдаланылатын ерекше белгі.
Эмблема – белгілі бір идеяның  шартты немесе символикалық суреті.
Символ –танымдық белгі.

Байқаудың мақсаты:
-Облыстық тілдерді оқыту орталығы мекемесінің негізгі мақсаттарын, міндеттерін айқындап көрсететін және болашақта символика ретінде қолданылатын логотип (эмблема-символ) жасау.
Байқаудың міндеттері:
-Орталық туралы жан-жақты ақпараттандыру;
-Байқауға қатысушылардың Орталық туралы жан-жақты зерттеу жүргізуіне мүмкіндік бере отырып, қызығушылықтарын арттыру;
-ұлттық тіл, ұлттық мәдениет өлшемдерін дұрыс үйлестіре білетін жастардың жұмысын бағалау, марапаттау, насихаттау.

Қатысушылар: байқауға 18  жастан асқан  облыс тұрғындары қатыса алады.
Байқау жұмысының мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар:

– Логотип «Тіл» тақырыбын ашуы қажет;
– байқау жұмысы графикалық және сипаттамалық бөлімдерден тұруы тиіс;
– байқау жұмысының графикалық бөлімі логотипті бағалау өлшемдеріне сай болуы тиіс және А4 форматты(кемінде) қағаз тасымалдағышта (түрлі-түсті нұсқада) сызба, эскиз, сурет, графикалық макет, 3D-рендер түрінде және электронды түрде (jpeg форматында) ұсынылуы мүмкін. Файл көлемі 10 Мб асатын болса, қатысушы файлдарды жүктеу сілтемесін қамтитын ақпаратты tilortalyk_kzo@mail.ru электрондық поштасына  немесе Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесі №2 үйдің 3-қабатында орналасқан («Өрлеу» блок)                        300-кабинетте қолма қол қабылданады.
– байқау жұмысының сипаттамалық бөлімінде ұсынылған логотиптің тұжырымдамасы таныстырылуы тиіс (көлемі А4 форматындағы 2 беттен аспауы керек);
– байқау комиссиясы әрбір қатысушыдан бір байқау жұмысын ғана қабылдайды;
– қолданыстағы логотиптердің авторлық элементтері, мемлекеттік рәміздердің символдары пайдаланылған жұмыстар қабылданбайды, логотиптің эскизін жасауда оның болашақта сан түрлі материалдарға бейнелену мүмкіндігін ескеру керек. 
– бұрын ғаламторда жарияланған материалдарды жіберуге тыйым салынады.
– байқауға ұсынылған жұмыстар сын-пікірді талап етпейді және кері қайтарылмайды.

5. Байқаудың өткізілетін мерзімі :
– байқау 2025 жылдың 15 қаңтары мен 15 ақпаны аралығында өткізіледі.
– мерзімінен кеш ұсынылған жұмыстар қабылданбайды.

6. Байқаудың ұйымдастырушылық комитеті
6.1. Байқауға ұсынылған жұмыстардың ішінен үздіктерін анықтау үшін Ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитеті қажет болған жағдайда  байқау ережесіне өзгерістер енгізуге құқылы.
6.2. Байқауға 3 (үш) адамнан кем емес қазылар алқасы қатысушылардың  жұмыстарын бағалайды, үздік жұмыстар мен жеңімпаздарды анықтайды.
6.3. Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша хаттама толтырылады және ол қайта қарауға жатпайды. Комиссия өз шешімі бойынша түсініктеме беруге құқылы.
6.4. Барлық байқау жұмыстары«меншікке» айналады және болашақта Орталықтың жарияланымдарында пайдаланылады.
6.5. 2025 жылдың 17 ақпаны күні байқау жұмыстарының нәтижесі шығарылып, жеңімпаздар анықталады.

Ескерту:
– Байқауға қатысушы жіберген материалдардың жарияланатындығы үшін Ереженің 6.4-тармағында көрсетілген материалдық шағым түсірмеу жөніндегі талаппен келіседі.

8. Байқау  жұмыстарының бағалану критерийлері
Ұйымдастыру комитеті үздік логотипті анықтау үшін  келесі критерийлерді басшылыққа алады:
– жан-жақтылық;
– бірегейлік;
– креативтілік;
– бейнелілік;
– функционалдылық;
– айқындылық;
– ықшамдылық.

9. Жеңімпаздарды марапаттау
– Іріктеуден өткен 3 қатысушының жұмысы ғана қазылар алқасының қатысуымен таныстырылымға (презентация) жіберілетін болады.
«Ең үздік» деп танылған  қатысушы Бас жүлде иегері атанып, арнайы Диплом және қаржылай сыйақымен марапатталады. Қалған 2 қатысушыға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар, ал қалған қатысушыларға белсенділігі үшін Алғыс хаттар табысталады.

Қосымша сауалдар үшін байланыс телефондары:  8 776 876 67 64
                              8 775 491 30 00

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: