Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үш жасар бала 16 магнит жұтып қойған

18.12.2025, 1:14 23

Шымкентте дәрігерлер кездейсоқ 16 магнит жұтып қойған үш жасар баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі OTYRAR арнасына сілтеме жасап.

Бала ішінің қатты ауырсынуына байланысты Қалалық балалар клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізілген. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Ата-анасының айтуынша, бала ойын барысында бірнеше магнитті жұтып қойған. Жасалған рентгенологиялық тексеру іш қуысында бөгде заттардың бар екенін растады.

Дәрігерлер жедел түрде операция жасау туралы шешім қабылдап, видеоэзофагогастроскопия әдісі арқылы баланың асқазанынан диаметрі шамамен 0,5 сантиметр болатын 16 магнитті толықтай алып шықты.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Дәрігерлер уақтылы көрсетілген медициналық көмектің ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Мамандар ата-аналарды сақ болуға шақырып, ұсақ әрі қауіпті заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажеттігін ескертеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: