Еріген қар сулардың салдарынан Қарағанды және Ақмола облыстарында жол қозғалысына шектеу қойылды.
Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлімдеді,- деп halyqline.kz тілшісі.
2025 жылғы 21 наурыз сағат 20:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысы бойынша «Қандыағаш – Ембі- Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Ембі қаласы).
Қостанай облысы бойынша «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 9 шақырым аралығы.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Барлық учаскелерде айналма жолдар қарастырылған. Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 159 арнайы техника мен 290 маман жұмылдырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!