Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үндеу: «Өмірге – «Иә», ал есірткіге – «Жоқ» деп айт!»

10.11.2023, 8:40 355

HALYQLINE.KZ

Мен, қазақтың қайсар рухты ұлы өз замандастарыммен бірге есірткісіз өмірдің берік іргесін қалағым келеді! Нашақорлыққа шырмалған қауіпті өмірді емес, керемет ӨМІРДІҢ иесі болу үшін баршаңызға  үндеу жариялаймын!

Нашақорлық өзін-өзі жоюға және өлімге апаратын тікелей жол болып табылады. Есірткі проблемаңды шешпейді, керісінше ол сізді өлтіреді: адамдар алдында қадіріңізді, жақындарңыздың алдында бағаңызды, мықты денсаулығыңызды құрдымға жібереді.

Нашақорлықпен және оның салдарымен күресуден гөрі оның алдын алу оңайырақ!

Ешбір жағдайда есірткіге қол тигізбеңіз! Жаныңыз үшін жақсы көретін нәрсені табыңыз, спортпен айналысыңыз. Өз өміріңіз үшін күресіңіз және кез келген мәселеде сіз әрқашан көмек таба алатыныңызға сеніңіз. Әлемде сізге қамқорлық жасайтын және сізді жақсы көретін адамдар бар екенін естен шығармаңыз. Есірткісіз өмір сан қырлы кереметтерге толы және қызықты!

Мен Қазақстанның жастарын:

– жаман әдеттерден аулақ болуға;

– есірткімен күресуге бар күш-жігерін салуға;

– «Өмірге – «Иә», ал есірткіге – «Жоқ» деп айт!» ұранын қолдауға ШАҚЫРАМЫН!

Әбілмансұр  Нұрболұлы Халилуллаев,

№145 «Бірқазан» орта мектебінің 9-сынып оқушысы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: