Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үйде жатып көк туды сүйгеніңіз, түздегі туымызға (намысыңызға) қалқан бола алмайды!

23.10.2020, 12:35 680

HALYQLINE.KZ

«Азаттықтан» Аян бауырым хабарласты. «Боратқа байланысты пікіріңізді жазып алсақ деп едік» дейді. Мен Талдықорғанда екенімді, кездесе алмайтынымды жеткіздім. Содан Фб-ға кірсем, парақшаның бетін «көк ту жауып кетіпті». Біреу көк туымызға сүйеніп тұр, бірі шіреніп тұр, бірі иіліп тұр, бірі сүйіп тұр дегендей.. Бәрі мақтан етеді екен көк туымызды. Борат кәкәй екен де, қалғанымыз әйәй екенбіз.

Дұрыс. Маласи.

Біз бұл күйге қалай түстік?

Мәселе басқада, бауырлар…

Көк туымызды сүю үшін, Ата заңымызды сүйейік. Ата заңымызды сүю үшін, әділдікті сүйейік. Әділдікті сүйсек, адал болайық?

Ата заңымызды жырымдап, черновикке айналдырдық. Одан кейін-ақ әділдік жырымдалып, шылғауға айналды. Енді көк ту қалай аман қалады?

Осы мазақ болғанымыз, мазақ болған…

Үйде жатып көк туды сүйгеніңіз, түздегі туымызға (намысыңызға) қалқан бола алмайды!

Данияр САЛАМАТ,

кинорежиссер.

Фейбуктегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: