Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үйде ана, түзде маман

21.10.2024, 15:10 196

Еліміздің дамуының тегеурінді тұғыры және ең  мәртебелі мамандықтың бірі – заңгер.

Кез-келген мекемеге, кәсіпорынға, өзге де коммерциялық құрылымдарға қызмет саласының әр түрлі болуына қарамастан құқықтық жұмыспен айналысатын маман қажет. Ол әрине – заңгер.

Заңгер болу – бүкіл өміріңді арнап, өз таңдауыңды мақтан етерлік қиын әрі күрделі және өте қызықты  мамандық. Бүгінгі таңда азаматтардың  мүддесін қорғау жолында елімізде еңбектеніп жүрген кәсіби білікті заңгерлер өте көп. Соның бірі Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінде заңгер кеңесшісі  қызметін атқарып келе жатқан маманымыз Измағанбетова Ардақ Кеңшілікқызы.

 «Арман алға жетелейді» демекші, Ардақ Кеңшілікқызы заңгер болуды бала күнінен армандапты. Заңгер болып қоғамдағы әлсіз жандар мен балаларды қорғағым келді, – дейді ол.

Ардақ Кеңшілікқызы сот шешімі барысында қоғамның мемлекетке көзқарасы қалыптасатынын, сондықтан да Қазақстанда ашық және бүкпесіз сот орнықтыру керек екенін үнемі назарда ұстап, сол бағытқа өзінің қажыр-қайратын жұмсап келеді. Ұжымның да алдында құрметті, беделді мүшесі. Өз міндеттерін жауапкершілікпен орындайды, өз ісіне адал, тәжірибелі кәсіби маман. Оның заң кеңесшісі қызметінде, осы саланың  ыстық-суығына көніп, еңбек етіп келе жатқанына 12 жылға жуықтапты.

Әр қапталған құжатты бір тарих десек, сол тарихи құжаттың сапалы дайындалуы да Ардақ Кеңшілікқызы секілді өз ісіне берілген маманның ұқыптылығы соншалық, бүгінгі күнге дейінгі еңбек өтілінде, басшылық тарапынан ешқандай  ескерту алмапты.

Әйел болған соң отбасымызға да көңіл бөлуді ұмытпаймыз, қызметте қатал, үйде жұмсақпыз. Өзімізді күтуге де уақыт бөліп, әр уақытты тиімді пайдалануды білеміз. Қызметтік  қарбалыстан  қолым босай қалысымен  кітап оқитыным бар дейді Ардақ Кеңшілікқызы. Кабинетіндегі кітап сөресінде өзіміздің  қазақ жазушыларынан бөлек, әлем классиктерінің де кітаптарын кездестіруге болады. Таңның атысы, кештің батысы еститінімізде, көретінімізде қылмыстық оқиғалар болған соң кейде кәдімгідей рухың әлсірейді, уайымдайсың, ойланасың, толғанасың, сол сәтте кітап бойыңдағы ауыртпашылықты  жеңілдетіп, көкірек көзіңді ашып, санаңды сергітеді. Сондықтан да үнемі кітап оқуға уақыт табамын дейді.

Сот саласы қызмет барысында небір қиындықтар, күрделі жағдайлар туындайды Бұндай мәселенің  шешімін  тек нағыз білікті, сауатты, тәжірибелі заңгер маманы  таба алады. Бүгінгі таңдағы Ардақ Кеңшілікқызының бүкіл Қазақстан елінің заңгерлеріне үлгі боларлық еңбегін атап айтпасам, менің де жазушылығыма сын болар еді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодекісінің 118 бабы бойынша ҚАЖ департаменті заң тобында сотталғандардың арам ойын жүзеге асыру барысында, қасақана өзіне зиян келтіріп, нәтижесінде сотталғанды емдеуге байланысты мемлекеттен бөлінген шығынды  немесе келтірген залалды, сотталушы мемлекетке қайтаруға тиісті деген талап арыз беріп, атқару  парағы  сот орындаушының өндірісіне  енді.

Белгіленген тәртіппен бүкіл  Қазақстан бойынша осындай заңның жүзеге асырылуын алғаш рет Қызылорда облысынан тек қана Ардақ Кеңшілікқызы орындап, ҚАЖ департаментінің мәртебесін көтерді.

Сонымен қатар күнделікті жұмыс барысында сотталған азаматтардың өтініштері бойынша сенімхат беру, жасына байланысты зейнеткерлікке шығару, мүгедектігіне байланысты  жәрдемақы тағайындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне заңға сәйкес уакытылы жауап беру секілді қызыметтеріне мығым.

Қәзіргі таңда Ардақ Кеңшілікқызының ісі сарапқа салынып, бүкіл Қазақстан елінің заң қызметкерлеріне үлгі болып отыр. Айта кету керек Ардақ Кеңшілікқызы осы салада атқарған қызметтері үшін еңбегі елеусіз қалмай ҚАЖ департаментінен, мекеме тарапынан, сондай—ақ облыс әкімі Нәлібаевтың қолынан марапатталды. Алдағы таңда ҚР ІІМ-не ұсыныс беріліп қойды. Атаған марапаттар оның қызметін мінсіз атқарып, берілген тапсырмаларды уақытылы орындай білетіндігінің дәлелі. Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»  деген бар. Ардақ Кеңшілікқызын үлгі етіп алдағы қызметтеріне сәттілік тілейміз.

Ақалтын Байжанқызы, ҚАЖД-дың № 60 мекемесі,

бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі іс-жүргізушісі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: