HALYQLINE.KZ Халық көп шоғырланған жерлерге баруды болдырмау мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыр аралығында онлайн және дәстүрлі түрде өткізілді.
⠀
ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген азаматтардың саны 131 471 адамды құрайды, оның ішінде 111 017-і – биылғы оқу жылының мектеп түлектері, 20 454-і – колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері.
⠀
ҰБТ-ға қатысуға 100 мыңнан астам өтініш онлайн түрде берілді.
⠀
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген адамдар үшін ҰБТ-ға құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартылды.
⠀
ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды
13.05.2020, 17:50 552

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!