Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Туя — өмір ағашы

16.04.2025, 14:52 229

Бүгінде табиғат – біздің өміріміздің көзі» екендігі мойындалған тұжырым. Сан ғасырлар бойы адам баласы табиғатпен бірге дамып,  өсіп, жетіліп, өмір сүріп келеді. Тыныс алуымызға қажет ауаны, шөлімізді қандыратын суды, қоректенетін азығымызды, тәнімізге жылу сыйлайтын күн нұрын тарту ететін – ұлы күш. Яғни  бір сөзбен айтқанда,  күллі тірі атаулының мәңгі мекені.

Табиғатқа деген қамқорлық әр адамның бойында болуы тиіс. Мектеп барлық оқушы бойына  экологиялық тәрбие қалыптастыру үшін түрлі танымдық шаралар өткізеді. Кейінгі ұрпаққа табиғаттың сұлулығын көркем күйінде ұсыну үшін әр кез қамқорлық пен  адалдық танытуымыз керек. Біздің аймақта осындай  бастамалардың бірі – тал егу эстафетасы. Біз, Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының биылғы бітірушілері, эстафетаға үн қату мақсатында білім нәрімен сусындатқан алтын ұя аймағына 20-ға жуық туя көшетін ектік. Жылдар өте осы кішкентай еккен ағашымыз өзімізбен қатар өсіп, білім ордасын сағына жеткенде, жайқалып қарсы алады деген үміттеміз.

Бұл ағаштың адам денсаулығына пайдасы өте көп, сондықтан да «Денсаулық ағашы» деп дәріптеледі. Ғалымдардың зерттеуінде  шырша жылына орта есеппен бір тоннадан астам шаңды жұтып, айналасына 1 жарым мың литр оттегіні бөлетіндігі туралы дәлелденген мәліметтер бар. Яғни ағаш 50-65 тоннаға дейін ауаны  зиянды газдардан тазартатын күшке ие. Шыршаның өмір сүру ұзақтығы 500-600 жылды құраса,  биіктігі 50-60метрге дейін жетеді екен.

Халық даналығына «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір» деген сөз бар. Біз еккен туя көшеттері жайқалып, мектебіміздің ажарын келтірері сөзсіз шындық. Осы әрекетіміз  бізден кейінгі жастарға үлгі болады деген  сенімдіміз.

Мұратбек Гүлсанам

№9 мектеп-гимназиясының оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: