Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Туған жерім деп зор мақтанышпен айтамын

01.03.2022, 10:00 613

HALYQLINE.KZ Отан – оттан да ыстық демекші, Отанға деген құрметті әрбір азамат пен азаматша қадіріне жете біліп қана қоймай, сезіне білуі керек. Отанға деген құрмет пен тағзым, кішкентай ғана дүниелерден бастау алады. Мен өзге ұлт өкілі болсам да, қазақ еліне деген айтар алғысым мен тағзымым шексіз. Қиын күндерде жер аударып, қоныс аударып көшіп келген сәттен бастап-ақ, қазақ халқы жатсынбай, құшағын кере ашып, өздерінің қонақжайлылығын білді. Мен әрқашанда өз еліммен, Қазақ еліммен мақтанамын. Бір тудың астында бірлігі жарасып, ұйыған қаймақтай көк тудың астында ынтымақтастықта жарасып тұрып жатырмыз.

Неліктен қазақ еліне мейірлене алғыс айтпасқа? Ата-баба армандаған Тәуелсіздікпен, арайлап атқан таң мен тамашасына кенелген бұл менің өлкем, бұл менің ғасырлық туған жерім. Қазақстан менің елім болғанына шын жүректен қуанып қана қоймай, қолымды кеудеме қойып, сансыз шүкір етемін. Табиғаты қандай, ауасы қандай, бәрі-бәрі тамаша. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас деген екен. Сол секілді әр күніме қарап қуанамын және Қазақстан жұртына, Тұңғыш елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шын жүректен алғысымды айтамын! Қаншама рет алғыс айтсам да жеткіліксіз. Бұл – қазақ мемлекетінің құрылғанына небәрі отыз жыл ғана болған, бірақ осы уақыт ішінде аяғына нық тұрып, керегесін кең, көк туын көгінде желбіреткен, білімі нық, қойнауы қазына мен алтынға толы, іргетасы нық қаланған тәуелсіз мемлекетке айнала білді.

Бұл – менің отаным, менің арайлап атқан туған жерім деп кеудемді көкке керіп, зор мақтанышпен, жүзіме күлкі алып мақтана айта аламын! Мақтануға тұрарлық мемлекет! Менің Отанымды осындай бақытқа бөлеп берген тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атамызға да алғысым шексіз. Рақмет, саған Қазақстаным! Рақмет саған Қазақстанның ғажап тұрғындары! Зор мақтанышпен, әрдайым елдің қай жерінде болсын, есіме мақтанышпен алып, осы мемлекетіммен мақтанамын! Әрі мақтанып та өтемін. «Алғысым шексіз саған, Отаным»

Седа ХАМЗАТОВА,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық

жоғары колледжінің студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: