Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұтынушылар құқығы қалай қорғалады?

14.12.2023, 21:45 287

Жыл басынан бері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына 340 өтініш келіп түскен. Жалпы, өтініштердің көбі сауда саласына қатысты. Саладағы жылдық қорытындыны Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов баяндады.

– Жалпы алғанда өтініштерге салалар бойынша жүргізілген талдауда 173 өтініштің бөлшек сауда саласына, электрондық сауда – 34, қоғамдық тамақтандыру саласы бойынша – 30, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтері саласы бойынша – 18, байланыс қызметі – 12, қаржы қызметі – 9 және де басқа салалар. Аталған өтініштерді заңға сәйкес қарау қорытындысымен 249 өтініш қанағаттандырылды. Қалған өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жүйелі жұмыстың арқасында тұтынушыларға барлығы 8,1 млн.теңгенің қаражаты қайтарылуына ықпал жасалды. Есепті кезеңде департаментпен 7 нарық субъектісіне тексерулер жүргізіліп, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Ерқасым Жайбергенұлы.

Сонымен қатар, экономиканың барлық салаларында тұтынушылар мен бизнес субъектілерін құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттандыру мақсатында дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері, дәрістер, семинарлар тұрақты негізде өткізіліп отырылды. Бұдан басқа, әлеуметтік желілерінде тұтынушылардың құқықтарына арналған мақалалар, бейнероликтер орналастырылып көрсетілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: