HALYQLINE.KZ Тұрғын үйлердегі өрттің шығуына жол бермеу мақсатында Қызылорда қаласының №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Төлебаев, Жарқынбаев, Желтоқсан, Байтұрсынов, Жүнісов және Айтбаев көшелерінің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аулаларды аралау, тұрғын үй секторының тұрғындарымен әңгімелесу – демалыс күндері өрт сөндірушілер үшін күнделікті жұмысы.
Профилактикалық жұмыс барысында азаматтық қорғау қызметкерлері пеш және электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндірді. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер өрт болған жағдайдағы іс-әрекеттер туралы еске салып, балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.
Тұрғындармен тікелей қарым-қатынас – тұрғын үй секторындағы жұмыстың алдын алудың маңызды бағыттарының бірі. Осындай рейдтер барысында тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелері және өрт сөндіру бөлімшелерін шақыру тәсілдері туралы сұрақтар қоя алады.
Ш.Адылов,
№7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы,
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!