Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түсіндірме жұмыстарын жүргізді

26.09.2025, 2:10 150

Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, «Ауыл» партиясының мүшесі Сыздықов Бақтияр Нұрділдаұлы «Қыран» ЖШС ұжымымен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында халық қалаулысы Жолдауда айтылған экономикалық даму, агроөнеркәсіп, өңірлік саясат және әлеуметтік мәселелерге кеңінен тоқталып, логистика саласының ел экономикасындағы маңызын ерекше атап өтті.

Бұл бағыттың еліміздің ішкі және сыртқы сауда әлеуетін арттырудағы рөліне нақты мысалдар келтіре отырып, салаға қатысты нақты жоспарлар мен міндеттерді түсіндірді.

Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының Жолдаудан туындайтын бастамалары мен ұсыныстары туралы сөз қозғап, партияның осы бағыттағы нақты іс-қимылдары мен алдағы жоспарларын ұжым назарына ұсынды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз сауалдарын қойып, Жолдау төңірегінде сұрақтары бойынша жауаптар алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: