Фото: tass.ru
Ол ЕО тауарларына 50% баж салығын енгізу уақытын кейінге қалдырып отыр.
Мұны АҚШ президенті Truth Social желісіндегі жеке парақшасында хабарлады, деп жазады halyqline.kz сайты.
Еске салайық, Дональд Трамп Еуропалық Одақ елдерінен келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізу мерзімін 1 маусым деп белгілеген еді. Енді оны 9 шілдеге дейін ұзартуға келіскен.
Ол өзінен Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейеннің қоңырау шалып, баж салығына қатысты өтініш айтқанын мәлімдейді. Еурокомиссия төрағасы Вашингтон мен Брюссель арасындағы сауда келіссөздерінің жақын арада басталатынын да жеткізіпті.
Трамп тілшілерге қоңыраудың өте жағымды болғанын айтқан. Ол сонымен қатар, егер еуропалық компаниялар өз өнімін АҚШ аумағында өндірсе, онда баж салығын төлеу қажеттілігі болмайтынын ескертеді. Бір сөзбен айтқанда Трамп ешкімді тырп еткізгісі келмейді.
Осыған дейін АҚШ президенті Еуропалық Одақпен сауда келіссөздерінің шиеленісі бар екенін растайды. Сол себепті, 1 маусымнан бастап ЕО экспортына 50% баж енгізу жоспарын жариялаған еді. Оның сөзінше, АҚШ пен ЕО арасындағы сауда тапшылығы 250 миллиард долларға жетеғабыл болған. Аталған жайт Америка үшін қолайсыздық тудырады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!