Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төтенше жағдайлар бөлімінің жұмысымен танысты

09.01.2025, 12:10 89

HALYQLINE.KZ

Бүгін Сырдария ауданы әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі аудандық төтенше жағдайлар бөлімі №12 өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты. Аудан әкімімен бірге бөлім жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов пен «АМАНАТ» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы көрді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтық қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстарды бөлім бастығы, азаматтық қорғаy подполковнигi Қанат Шарафадинов таныстырды.

Өрт оқиғаларында, жер сілкінісі, апат және төтенше жағдайлар болған кезде алғашқы авариялық құтқару жұмыстарын жүргізетін бөлім Тереңөзек кентінен бөлек 8 елді мекеннің аумағын қамтиды. Жол ұзақтығы мен уақыт тығыздығына қарамастан мамандар бар күшін салып, құтқару жұмыстарын жүргізіп келеді.

Қазіргі таңда бөлімде 38 қызметкер жұмыс істейді. Мекеме 4 бірлік техникамен және барлық керекті құрал-жабдықтармен қамтылған. Сонымен қатар, бөлімге өткен жылы жергілікті бюджет есебінен моторлы қайық алып берілді.

Сала жұмысымен танысқан аудан басшысы төтенше жағдайлар кезінде жедел қызмет көрсетіп, халықтың қауіпсіздігін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: