Қызылордалық полицейлер 4 киік атып алған браконьерлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кезекті рейд кезінде ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері 6 наурыз күні Төретам кентінде күдік тудырған “Ланд Крузер 80” маркалы көлікті тоқтатқан еді. Машинада жүргізушімен бірге 3 жолаушы болған. Олар Байқоңыр қаласы мен Төретам кентінің тұрғындары екен. Көлікті тінту кезінде жүк салғышынан 4 киіктің тушасы мен 2 дана асхана пышағы, 12-калибрлі мылтықтың 9 дана оғы тәркіленді. Ұсталғандардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, қалғандарына бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы – “Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!