Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тілсіз жаудың тұтануы тұрғын үйлерде көбейіп отыр

19.03.2024, 17:05 281

Жыл басынан бастап облыс аумағында 77 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9% -ға төмендегенін көрсетеді. Сала мамандарының айтуынша жазатайым оқиғалар көбі тұрғын үйлерде болған. Бұл туралы облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Асхат Оразбеков мәлімдеді.

“Болған жағдайлар көбінесе тұрғындардың өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан пайда болуда. Сонымен бірге көпқабатты тұрғын үйлердегі жертөлелер мен шатырларды паналап жүрген тұрғылықты тұрағы жоқ адамдардың темекі шегуі және ашық отты пайдалануда өрт оқиғаларының орын алу жағдайлары болдырмау үшін полиция қызметкерлері мен пәтер иелері кооперативінің өкілдерін тарта отырып, Қызылорда қаласының аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілуде, – деді Асхат Плалұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: