Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тілсіз жаудан сақтануға бірлік керек

10.01.2023, 17:15 320

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетовтың төрағалығымен Сырдария өзенінің Шиелі ауданының аумағынан өтетін бөлігінде сең жүруіне байланысты жиын өтті.

Жиынға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жандос Мампаев, «Шиелісушар» мекемесінің басшысы Дихан Әубәкіров, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі басшысы Нұржан Беркімбаев пен «Шиелі Жолшы» ЖШС, «ТТК-Шиелі» сынды бірқатар мекеме өкілі, ауылдық округ әкімдері онлайн түрде қатысып, қауіпсіздік шараларын талқылады.

Талқылау барысында Жаңақорған ауданы аумағынан Сырдария өзені арқылы Шиелі ауданына 616 текше метр су келіп жатқандағы айтылып, өткен тәулікте Қарғалы ауылдық округінін мұз сәтті өтіп, енді Жөлек ауылдық округі маңына жылжып келе жатқандығы сөз болды. Сондықтан, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдай орын алған жағдайда қажетті техниканың сол маңнан табылу керектігі баса айтылып, аудандағы «Шиелі Жолшы» ЖШС, «ТТК-Шиелі» сынды ірі мекемелерге жұдырықтай жұмылып, Жөлек ауылының маңына (жүк артқыш көлік, камаз, бульдозер, трал жүктіркегіш) көліктерін жеткізіп, кез-келген жағдайда сақадай сай болу тапсырылды.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Амантайұлы су басу қауіпі жоғары деп танылған Қарғалы, Жөлек, Ортақшыл, Қоғалы, Тартоғай ауылдық округтеріне арнайы құрылған комиссия өкілдері күнделікті бақылау жүргізіп отырғандығын және аудан әкімі Нұржан Сәбитұлының өзі де аталған аумақтарға арнайы барып, қалыптасқан жағайды көзбен көріп жүргендігін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: