Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Теміржолдың бойында қауіп көп

14.01.2021, 16:40 1172

HALYQLINE.KZ

Теміржол объектісінде қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, балаларды қараусыз қалдырмауды ескерту, сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үнемі көлік нысанына жақын орналасқан оқу орындарында, көлік саласы мекемелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Онда кәмелетке толмағандарға теміржолдың аса қауіпті аймақ екендігі, теміржолға жақын орналасқан және үйіне қарай өтіп бара жатқан жасөспірім бірінші кезекте өзіне қауіп төндіретіндігі туралы түсіндіріледі. Өзінің абайсыздығынан, ойынға берілген жасөспірімдер өтіп бара жатқан поездың астына түсіп кетуі мүмкін себебі теміржолда белгіленбеген жерлер арқылы (тұрған поездың астынан, артынан өту, теміржол қоршауының ішінде жүру), поездардың алдынан жүгіріп өтуі, рельстерге бөгде заттарды қою, өтіп бара жатқан поездардың терезелеріне тас лақтыру сияқты әрекеттердің соңы төтенше жағдайларға әкеліп соғады. Сонымен қатар теміржол арқылы поезд алдынан жүгіріп өту салдарынан поездардың жедел тежегіштерін іске қосуға тура келеді. Ал оның салдары бара жатқан поездың тоқтап қалуына әкеп соғады.

Төтенше жағдай мен қайғылы оқиғалардың кішкентай ғана нәрседен туындайтыны өмірден белгілі. Осыған қарамастан Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет ету аймағында 2021 жылдың қаңтар айында теміржолдан белгіленбеген жерден өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 5-бөлігіне сай 30 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

Асыл  Сапарбек,

Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: