Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тек қана қазір істе!

03.04.2021, 9:00 809

HALYQLINE.KZ

Тек қана қазір!

Жаңа ғана таң атқан сияқты еді, қарасам… Кешкі алты болыпты.
Дүйсенбі деп тұрып жатыр едік, бүгін жұма боп қойыпты.
…осылай ай өтті.
…осылай жыл өтті.
…осылай 40, 50 немесе 60 жыл өміріміз зу ете қалыпты.
…қарасақ, жанымызда әке-шешеміз, жан достарымыз жоқ.

Қайта оралуға кеш екенін түсінеміз. Солай… Ендеше қалған уақытты мейлінше қайырлы қылып өткізелік. Өзіңе ұнайтын істі іздеуге ұялма. Сұр көйлегіңе қызыл алқа тағудан қысылма. Жүрекке нәр беретін ұсақ-түйектерге жылы жымиюды үйрен.

Уыстан сусып кетпеген уақытымыздың қадірін білейік. «Сосын» деген сөзден құтылып көрейікші…
Мен мұны сосын істермін…
Сосын айтармын…
Кейін ойлармын…

Маңызды істің бәрін кейінге қалдыра береміз. «Сосын» оның бәрі біздің еншімізге бұйырар-бұйырмасын ойламаймыз…
Себебі, ең маңыздысын түсінгіміз келмейді.
Сосын:
Сосын – кофе суып қалады…
Сосын – приоритеттер өзгеріп кетеді…
Сосын – жыл бітеді…
Сосын – денсаулық қалмайды…
Сосын – балалар есейіп кетеді…
Сосын – ата-анаң қартайып қалады…
Сосын – уәде ұмытылады…
Сосын – күн түнге ұласады…
Сосын – өмір өтіп кетеді…
Сосын ылғи кеш қап жатамыз. Сондықтан… ештеңені кейінге қалдырма, себебі «сосынды» күтіп өмірдің ең жарқын сәттерін өткізіп алуың мүмкін. Досыңнан не махаббатыңнан айырылып қаласың, шын сүйген адамың қайырылмай кетіп қалуы ықтимал. Өкінгенмен уақытты кері қайтара алмайсың…

Ең жақсы тәжірибеңді,
Ең жақын досыңды,
Отбасыңды…
Бүгініңді…
Осы сәтті…
Өткізіп аласың.
Қазір істеуге тиістіні ертеңге қалдыратындай жаста емеспіз. Сондықтан, бұл хатты оқып отырсаң, дереу бөлісуге уақыт тап. Әлде оны да кейінге қалдырамысың?
Бұл сәтті ертең ешкіммен бөлісуге ниетті болмайсың…
Бәрін қазір істе!

Букар Диуф,
Аударған ShynarÁbilda

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: