Осыдан бірнеше күн бұрын американдық ғалымдар жер бетіндегі ең таза сарқылмас энергияны өндіруге мүмкіндік беретін жаңа жаңалық ашқанын жариялады. Бұл Nuclear fusion деп аталады.
Яғни, тек Күн сәулесіндегі мәңгілік деп айтуға болатын реакцияны жасанды түрде жасап алды.
Бұл – табиғи ресурстарды өртемейтін, радиоактивті материалдар бөлінбейтін, қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін технология деген сөз.
Әлемнің 50-ден астам елінің ғалымдары 1960 жылдан бері эксперименттер мен зерттеулер жүргізгеннен кейін ғана жуырда осы жетістікке жетіпті.
Қазір қолданылып жүрген уранның ядролық реакциясы ауыр атомдары ыдыраған кезде орасан зор энергия бөледі, ал біз айтып отырған жаңа технология оған қарама-қарсы 2 атомды лазермен күйдіріп біріктірген кезде шексіз энергия шығарады екен.
Уранның ядролық реакциясы қоршаған ортаға өте зиянды радиоактивтілікті шығаратын болса, бұл Nuclear fusion өндірістің қалдықтары табиғатқа ешбір зиянсыз сіңеді және парниктік газдар шығармайды екен. Бұл жаңа технология мұнай немесе көмір сияқты табиғи ресурстарды қажет етпейді, бірақ табиғатта мол кездесетін теңіз суын және литийді пайдаланады.
Tritium (немесе hydrogen – 3-сирек кездесетін радиоактивті сутегі изотопы)
Deuterium (құрамында нейтрондары бар ауыр сутегі) екі атомнан тұратын қосылысты лазермен күйдіргенде аса мол энергия бөлінеді.
Ол 10 миллион градус цельсийге дейін энергия шығара алады, бұл күн ядросының 100 миллион градус цельсийінен он есе көп.
Алдағы 10-20 жылда атом электр станциялары да, көмір электр станциялары да болмайды. Тіпті жанармайды тұтынудың өзі өте төмен деңгейде болуы мүмкін.
Жақын арада көмір электр станциялары, атом электр станциялары, күн панельдері, жел турбиналары мүлдем қажетсіз болады. Энергия өте арзан болады. Әлемде интеграцияланған энергетикалық желі құрылады. Интернет қаншалықты әлемге тез таралып еді. Автокөліктер бензин пайдаланбайтын болады. Өндіріс шығындары шексіз төмендейді, жылу электр станциялары көмірді жақпайтын болады.
Жаһандық жылыну ақырындап тоқтайды, шөлдер өсімдіктерге толып, жер жасылға айналады.
Адамдардың кәсіптері мен жұмыс түрлері басқа деңгейге көтеріледі. Сондықтан біз балаларымыздың қандай білім алуы қажет екендігіне ерекше көңіл бөлгеніміз жөн.
Ендеше мен осы жаңалықты алдымен жеткізгенім үшін сіздерден сүйінші сұраймын!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Біз мектепте оқып жүргенде (1977-де мектеп бітіргенбіз) келешекте автомобильдер бензинмен емес, сутегі газымен жүреді деп оқығанбыз. Сол автомобильдер, өздеріңіз көріп жүргендей,әлі бензинмен жүреді. Мына жаңалыққа қуанғым-ақ келеді…
Бұл деген керемет жаңалық қой! Ура!!!
Энергия тұтыну арзандап, қоршаған орта экологиясы жақсарады. Ғаламдық жылу тоқтайды. Энергия көзі теңіз суы мен литий металы.
Әлем үлкен өзгеріс алдында тұр!!!