HALYQLINE.KZ ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен BTS Education арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан студенттеріне арналған Электронды коммерция курсы әзірленді.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі электронды сауданың дамуын ынталандыру және оның үлесін 15%-ке дейін көтеру мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Аталған бағыт бойынша студенттердің басым бөлігіне электронды коммерция негіздерін оқытуға қатысты белсенді жұмыс қолға алынды.
Осыған байланысты BTS Education компаниясы ҚР Сауда және интеграция министрлігімен арадағы Меморандумға сәйкес Қазақстан жастарына арналған электронды коммерция курсын жасап шығарды.
Курстың мақсаты – онлайн ақша тапқысы келетіндердің барлығын оқыту, электронды коммерция трендтері жайында әңгімелеу.
Курс www.JumysBar.kz платформасында қолжетімді. Қазіргі сәтте Интернеттегі жеке блогты жүргізу және монетизациялау туралы алғашқы шағын курс орын алып үлгерді. Кез келген қазақстандық өзіне ыңғайлы уақытта, онлайн форматта, қалаған сәтте қайталау мүмкіндігімен, электронды құрылғы көмегімен оқи алады. Сұранысқа ие мамандықты басынан бастап игеруге тамаша мүмкіндік бар.
Таяу уақыттарда өзекті тақырыптар бойынша шағын курстар топтамасын іске қосу жоспарланып отыр. Ай сайын жаңа дағдыларды оқытатын жаңа шағын курс дайындалып, көпшілікке ұсынылмақ, мәселен, әлеуметтік желілерде парақшалар жүргізу, интернет-дүкен ашу, халықаралық онлайн алаңдарда тауар сату және т.б.
Әрбір теориялық материалдан соң өзін-өзі тексеру сұрақтары ашылады.
Сондай-ақ, онлайн бизнес саласындағы табысты кәсіпкерлермен сұхбаттар, отандық бизнесмендердің жетістікке жету тарихы жарияланатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!