Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресей цифрлық даму министрлігі: Beeline Қазақстан ресейлік телеарналарды өшірмейді

04.10.2022, 8:50 214

HALYQLINE.KZ

Beeline Қазақстан ұялы телефон операторы ресейлік 15 телеарнаны көрсетпеу туралы шешімінен бас тартты. Бұл туралы Ресей цифрлық даму министрлігі телеграмм-каналында хабарлады.

«Veon (Beeline Қазақстан иесі) компаниясымен кеңестен соң олар цифрлық даму министрлігіне жоспарларын өзгертіп, ресейлік телеарналарды өшірмейтінін айтты» деп мәлімдеді Ресей цифрлік даму министрлігі.

27 қыркүйекте Beeline Қазақстан мәлімдеме таратып, «5 қазаннан бастап ТВ+Үйдегі интернет» пакетінен және BeeTV сервисінен ресейлік 15 телеарнаны (ішінде кремльшіл «Россия 24», «НТВ МИР» және Первый канал бар) өшіретінін мәлімдеген. Ал 28 қыркүйекте компания ресейлік телеарналармен қатар батыстың телеарналар да өшірілетінін жариялаған.

Ресей Украинаға басып кірген соң Қазақстанға ресейлік кремльшіл телеарналардың ықпалы жайлы көп айтыла бастаған.

Сәуірде қоғамдық пікірге мониторинг жасайтын Demoscope бюросы әлеуметтік сауалнама жүргізіп, қазақстандықтардың едәуір бөлігіне Ресей пропагандасы әсер етіп жатыр деп мәлімдеген. Зерттеу авторлары қазақстандықтар Ақорда мен жергілікті басылымдардың мәлімдемесінен гөрі Ресей басылымының агрессивті ақпаратын қабылдайды деген еді.

Ақпанда Ресей Украинада басып кіргенде Қарағанды облысындағы «Ремстройсервис» компаниясы соғысқа наразылық ретінде Ресей телеарналарын өшіріп тастаған. Интернет пен телевидения қызметін ұсынатын компания «соғысқа және соғыс пропагандасына қарсымыз» деп мәлімдеген. Бірақ компания сол күні ресейлік телеарналарды қайта қосқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: