Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада SMART CITY Hackathon 2024 өтеді

22.10.2024, 18:00 32

2024 жылдың 25 қазанында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында облыстық «SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2024» шарасы өтеді. Хакатон IT саласына қызығушылық танытқан жастарды біріктіріп, инновациялық жобаларды қолдауды мақсат етеді.

Жүлде қоры – 1 500 000 теңге және 3 білім гранты.

Хакатон бағыттары

  1. Әзірлеу: Сайттар, мобильді қосымшалар, чат-боттар және ойындар әзірлеу.
  2. Модельдеу: 3D моделдеу, робототехника, жасанды интеллект, ақылды құрылғылар және BIM технологиялар.
  3. Әлеуметтік және цифрлы медиа: LMS жүйелері, онлайн оқыту, анимация және кинематография жобалары.

Бұл шара қатысушыларға жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, IT мамандарымен тәжірибе алмасу алаңын ұсынады.

Өту уақыты: 25 қазан, сағат 10:00
Өту орны: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайы, Жақаев көшесі, 11

Тіркелу және толық ақпарат үшін университеттің ресми сайты мен әлеуметтік желілеріндегі парақшаларды қараңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: