HALYQLINE.KZ Қазақстанда YouTube Premium іске қосылады. ҚазАқпарат. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин хабарлады.
«Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен келіссөздер жүргіздім. Ынтымақтастық перспективалары мен компанияның Қазақстандағы түрлі сервистеріне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды.
YouTube өкілдері биылғы жылы Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады. Бұл – біздің нарықтың ірі технологиялық компаниялар үшін барынша тартымды болып келе жатқанының көрсеткіші.
Premium-ге өту мүмкіндігі біздің елде бұрын қолжетімді болмаған YouTube сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз көре алады және оларды жүктеп алып, Интернетсіз де қарай алады және т.б. мүмкіншіліктер бар» – деп атап өтті министр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!