Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Meta корпорациясы 11 мың қызметкерін қысқартпақ

10.11.2022, 9:50 300

HALYQLINE.KZ

Facebook және Instagram әлеуметтік желісіне иелік ететін Meta корпорациясы 11 мыңнан астам жұмыс орнын қысқартпақ. Бұл туралы оның жетекшісі Марк Цукерберг сәрсенбі күні қызметкерлеріне жолдаған хатында жеткізді.  

Бұл компания тарихында алғашқы үлкен қысқарту болғалы тұр. Сөз штаттағы қызметкерлердің 13% жөнінде болып отыр.

Цукерберг жұмыстан босатылған қызметкерлердің үш жарым айлық жалақысын төлеп бермекші. Одан бөлек бір жыл жұмысының бір апталық еңбекақысын төлеуге уәде бергенін CNBC жазды.

Қазан айында корпорацияның акциялары 20%-ға арзандаған. Оның алдында табысының азайғаны және шығынның 20%-ға көбейгені туралы тоқсандық есебін жариялаған.

Цукерберг коронавирус пандемиясында онлайн технологияға сұраныстан инвестицияны көбейткенін айтқан.

2022 жылдан бері Meta акциялары 70%-дан астам арзандаған. Компания өзінің тарихында бірінші рет Facebook қолданушыларының саны қысқарғанын мәлімдеді.

VC.ru басылымы қызметкерлерді қысқарту басқа да көптеген технологиялық компанияларда да жүріп жатқанын жазды. Мәселен, Твиттерді сатып алған соң Илон Маск қызметкерлерінің 50%-ын жұмыстан алған. Аталған бизнес басылымының жазуынша, компания қызметінен алынған бірқатар мамандарын қайта шақырған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: