Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік порталдардың жұмысынан техникалық ақау шықты

24.01.2025, 15:15 54

HALYQLINE.KZ

Қазір бірнеше мемлекеттік портал қолжетімсіз. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәлім етті.

– Мемлекеттік органдардың серверлік орталығы инфрақұрылымы желісіндегі техникалық ақауға байланысты қазір бірқатар сервис уақытша қолжетімсіз. Осыған байланысты, eGov.kz порталының компоненттері мен eGov Mobile қосымшасының, E-license және ашық Үкімет порталының, мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет порталының және ұлттық ақпараттық технологиялар қызметі жүйелерінің жұмысы ішінара қолжетімсіз, – делінген хабарламада.

Қазір мамандар техникалық ақауды жойып жатыр. 

– Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банк қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алуға уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін екенін хабарлаймыз, – дейді мекемеден.

Осыған байланысты Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата» халықаралық әуежайы да жолаушылардың назарына төмендегідей хабарлама қалдырды. «E-gov порталындағы техникалық ақауларға байланысты құжаттардың электронды нұсқалары уақытша жүктелмейді. Жолаушылардан жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын өздерімен бірге алып жүруін сұраймыз.Түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз!» делінген әлеуметтік желідегі ресми парақшасындағы хабарламада.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: