«Kaspi жұмыс» – бұл Kaspi.kz қосымшасындағы жұмыс іздеуге және қызметкерлерді іріктеуге арналған ыңғайлы әрі тегін жаңа сервис.
Қосымшаның көмегімен жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер бір-бірін оңай әрі тез табады.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:
«Бізде 700 мыңнан астам серіктес бар. Бұл негізінен белсенді дамып, жаңа жұмыс орындарын ашып жатқан шағын және орта бизнес компаниялары. Біздің серіктестеріміз қызметкерлерді жиі іздейді, ал клиенттер жұмыс іздеп жатады. Сондықтан біз кадрларды іріктеу және жұмыс іздеу үшін ыңғайлы заманауи цифрлық сервис жасаймыз деп шештік. Біздің сервисіміздің көмегімен жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер бір-бірін оңай табады, қажет вакансиялар мен түйіндемелерге тезірек жауап қата алады, өзара әрекет ету тарихын сақтап, көптеген күнделікті процестерді жеңілдете алады. Әр сүйікті клиентімізге және серіктесімізге бізбен бірге болғаны үшін рақмет айтамыз!»
Егер қызметкер іздеп жүрсеңіз, онда «Kaspi жұмыс» вакансия жасауға көмектесіп, лайықты үміткерлерді ұсынады. Тікелей қосымшада жұмыс іздеушілерден жауап алуға, түйіндемені қарауға, сұхбатқа шақыруға болады. Енді қаралған түйіндемелердің санын есте сақтамаса да болады. Жаңа сервис іздеу тарихын және тек сізге ғана көрінетін пікірлеріңізді автоматты түрде көрсетеді.
Егер жұмыс іздеп жүрсеңіз, онда тура «Kaspi жұмыс» сервисінде түйіндеме жасай аласыз, ол үшін тіпті қажетті сөздер жазылған дайын үлгі де бар. Әртүрлі вакансияға жауап қату үшін қалағаныңызша бірнеше түйіндеме жасауға болады. Түйіндеме жасағаннан кейін сервис лайықты вакансияларды ұсынады. Осы ұсыныстарды пайдалануға немесе критерийлеріңізге сай келетін жұмысты өзіңіз іздесеңіз болады.
«Kaspi жұмыс» сервисі туралы толығырақ ақпаратты Kaspi гидтен оқи аласыз.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмір сапасын жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялық қызметтердің негізінде – 15 миллионға жуық қазақстандық қолданып, электронды коммерция, төлемдер мен қаржылық қызметтердің алдыңғы қатарлы сервистерін біріктіретін елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр.
Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар тегін жеткізу қызметімен онлайн тиімді сауда жасап, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражатын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турларды рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Kaspi.kz бизнесті дамыту үшін Kaspi Pay суперқосымшасын жасады. Оны қазір 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер қолдануда. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық коммерция және жеткізу платформаларына қосылып, өз тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.
Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазып шығарды, олар бірнеше жылдан бері магистратура студенттерінің оқу бағдарламасына енген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!