Телефон алаяқтарынан келетін шығын көлемі әлі тыйылмай тұр.
Енді жаһандық қауіпке қарсы тұратын виртуалды «әжей» жұмысын бастап отыр.
Британдық O2 телекоммуникациялық компаниясы егде жастағы әйелдің сөйлегенін айна-қатесіз дайындап, алаяқтарды әдейі жаңылыстырып, уақытын шығындайтын «Дейзи» атты жасанды интеллектіні іске қосты.
«Дейзи» алаяқтардың қоңырауын жылдам тану қабілетіне ие. Сондай-ақ, жауап беру үшін жасанды интеллектінің бірнеше моделін біріктірген. Телефон арқылы әңгімелесудің шынайылығы сонша ЖИ арам ойын жүзеге асырғысы келетіндерді желіде 40 минутқа дейін оңай ұстай алады. Қарашада жұмысын бастаған «әжей» 1000-нан астам күдікті қоңырауды өңдеп, алаяқтар пайдаланатын негізгі бағыттарды нақтылаған.
Қылмыскерлер өзін көбіне банктердің, ірі компаниялардың немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстыратыны белгілі. Әлбетте, мұндай қадам жәбірленушінің сенімін арттырады. Ал сенім арқылы ақша алу оңайға түспек.
«Дейзи» мұны жақсы түсінеді. Ол алаяқтардың алдын ала дайындалған сценарийлермен жұмыс істейтінінен толық хабардар.
Фото: securitylab.ru
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!