Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғалымдар алғаш рет биологиялық тұрғыдан екі әкесі бар тышқанды шығарды

20.10.2023, 16:25 469

HALYQLINE.KZ

Ғалымдар алғаш рет биологиялық тұрғыдан екі әкесі және бір анасы бар тышқанды шығарды, бұл репродуктивті ғылымдағы аса маңызды оқиға болды.

Жапониядағы Осака университетінің геномдық биология профессоры Катсухико Хаяши бастаған топ еркек тышқандардың тері жасушаларынан аналық тышқандарға жұмыртқа жасушаларын имплантациялау арқылы сау күшіктер шығара алды деп хабарлайды. Ол биылғы 15 наурызда «Nature» журналында жарияланған зерттеу мақалада көрсетіліпті.

Көп жыл жалғасқан зертханалық жұмыстың нәтижелері біржынысты жұптар үшін немесе болашақ емдеу әдістерін кеңейту және жойылып кету қаупі төнген түрлердің жойылып кетуіне жол бермеу үшін пайдалы болуы мүмкін. Дегенмен, ғалымдар зертханалық жағдайда өсірілген адам жасушаларын қолданбас бұрын әлі көп нәрсені үйрену керек екенін ескертеді.

«Оны жақын арада пайдалану күмәнді, мүмкін 10 жыл немесе одан да көп уақыт кетуі мүмкін. Жасушалар жеткізілсе де, қазір жұмыртқаның сау бала үшін қауіпсіз екенін айта алмаймыз», – дейді Хаяши.

Тері жасушалары тышқанның құйрығынан қайта бағдарламаланған. Атап айтқанда, ғалымдар бір еркек тәрізді Х және бір Ү хромосомасы бар толық жетілген зертханалық тышқанның құйрығынан тері жасушаларын алып, оларды индукцияланған плюрипотентті дің жасушаларына немесе iPSCs болдырып өзгерткені қайта бағдарламаланған жасушалардың бір түріне айналыпты. Эмбриональды дің жасушаларын имитациялайтын жасушаларды жасау үшін арнайы гендік инженерияның бұл процесін алғаш рет Нобель сыйлығының лауреаты ғалым Шинья Яманака бастаған болатын.

Бір қызығы, индукцияланған плюрипотентті дің жасушалары адамның кез келген түріндегі жасушаларға айналуы мүмкін, биологиялық зерттеулерде адам аурулары мен дәрі-дәрмек өндірісін модельдеу және зерттеу үшін кеңінен қолданылады.

Ұрық аналық тышқанның тамырына әкелініп, имплантацияланғаннан кейін ол өміршең болды, содан кейін сау ұрпақ берді.

Бұл тұжырымды алдағы уақыттарда адамдарға (мысалы, біржынысты жұптарға) қолдануға болады, бірақ оның ықтималдығы өте аз. Себебі имплантацияланған 630 тышқанның эмбриондарының жетеуі ғана күшіктер туғыза алған. Хаяшидің айтуынша, бұл жетістіктің деңгейі әлі де төмен, шамамен 1 пайыз жыныстық хромосомалардың өзгеруіне байланысты емес болса да зертханада өсірілген жасушалардың табиғи қабілеті төмен болуына байланысты.

Адамдарда жуық жылдары қолданылуы күмәнді, мүмкін 10 жыл немесе одан да көп уақыт кетуі мүмкін…

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: