Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал ауданы биылдан бастап мотоцикл шығаруды қолға алмақ

30.01.2026, 14:25 121

Бұл туралы өңірлік коммункациялар қызметінің ақпарат алаңында Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев мәлімдеді.

Оның сөзінде ауданда жаңадан жұмысын бастағалы тұрған бірнеше жоба бар. Соның бірі – мотоцикл құрастыратын зауыт.

– Осы жылы іске асырылуы жоспарланған құны 16,4 млрд теңге болатын 8 жоба бар. Бұл жобалар іске қосылғанда 139 адам жұмыспен қамтылады. Олардың қатарында «Qazaq Camel» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауытын салу» жобасы, «Эко Энерджи Плюс» ЖШС-нің «Арал ауданында автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясы бар көпфункционалды жол бойындағы кешен салу» жобасы, «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің «Жоғары сұрыпты ас тұзының өндірісі», және «Арал қаласында мотоцикл құрастыру зауыты» жобасы бар. Мотоцикл құрастыру жобасының құны – 1 млрд теңге, – деді аудан әкімі.

Коллаж: Halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: