Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Apple-мен ашық айқас

08.10.2020, 9:30 663

Әлемнің үздік платформалары Apple-ге қарсы соғысты­ бастап кетті. Дәлірек айтсақ, Telegram, Fortnite және Spotify. Даудың басы онлайн кинотеатр Netflix Appstore-ден өз қосымшасын жапқаннан басталды. Себебі, мамандардың есептеуі бойынша 2018 жылы Netflix американдық корпорацияға Appstore бағдарламасын пайдаланғаны­ үшін 256 миллион доллар төлеген. Бұндай үлкен шығынды ұнатпаған Netflix басшылығы көрермендеріне сайтқа жазылуға мүмкіндік беріп, Apple-ден түбегейлі бас тартты.­ Мұндай шығынның болу себебі, Appstore-ден жазылған кез келген қосымша пайдасының 30%-ын беру керек. Бұл индустриялық стандартқа сай келсе де, жоғарыда атап өткен үлкен компанияларға орасан зор шығын келтіреді. Швециялық Spotify-дың басшысы Даниэль Эк Apple корпора­циясына сын айтудан жалығар емес. Оның айтуынш­а, 30 пайыз өте көп және ол өз бәсекелестерін жою үшін әдейі жасалған жүріс дейді. Шынында, бұл сферадағы Spotify-дың бәсекелесі болып келетін Apple music өз қолданушыларына көп мүмкіншіліктер сыйлай алатынын жеткізді. Швециялықтар да өз тыңдарман­дарын сайтқа алып кеткісі келген, олар бұны өз қосымшалары арқылы тыңдармандарына ұсына бастады. Дегенм­ен, Купертино дер кезінде араласып, оған шектеу қойды.

Apple-ға  қарсы ең батыл шешім қабылдаған Epic Games компаниясы болды. Олар Fortnite ойынынан түскен ақшаның барлығын өздерінің есепшотына аударып­ алған. Осы жағдайдан кейін, Apple бұл компанияның барлық ойындарын өз қосымшаларынан өшіріп тастады. Дегенмен, Epic Games-тің бұл жүрісі әдейі жасалғ­ан екен. Олар осыдан кейін бірден американдық гигантты монополизация жасағаны үшін кінәлай бас­тады­. Осыған ұқсас, Telegram  платформасының  бас­шы­сы­ Павел Дуров та бұл компания­ны әлемдік саудада үстемдік орнатқаны үшін кінәлады. Себебі өзінің бәсекелестерін бұғаттап, гаджеттеріне  қо­су­ға мүмкіншілік бермеуде. Мұн­дай сынды Mic­rosoft компаниясы да айтты. Себебі, бұл компанияның да ойын стримингі Project xCloud-ті қабыл­дамаған көрінеді. Оның себебі, алдымен компания стриминг ішіндегі барлық ойындарды көргісі келеді. Сыншы­лардың барлық сынынан өткен ойын платформасына рұқсат бермеуін­ заңсыз деп есептейді. Осы мәселелерге қатысты Еуроодақ қазіргі таңда тексеріс жүргізу үстінде. Appstore-дегі салықтың көптігі мен бәсекелестікті жасанды жоюдағ­ы іс-әрекеттерін де тексеретін болады. Әлемдік гиганттардан келген осыншама көп сыннан американдық компания қалай шығатынын уақыт көр­сетпек.

Бекзат  АМАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: