HALYQLINE.KZ Әлемде әлі күнге дейін 3,6 миллиард адам интернетке қол жеткізе алмай отыр. Онысымен қоймай, пандемия мен карантин кезінде әлемдегі интернет-трафиктің бағасы үш есе өскен. Бұл туралы БҰҰ хабарлады.
– «COVID-19» пандемиясы біздің өмірімізді түбегейлі өзгертті: жұмыс істеу, бір-бірімізбен байланыс, негізгі қажеттіліктерді үйрену немесе сатып алу, тағысын тағы. Бұл өзгерістер бүкіл әлемге әсер етті, сонымен бірге цифрлық алауыздықтың пайда болуын айқындай түсті. Өйткені, осы уақытқа дейін әлемде 3,6 миллиард адам интернетке қол жетімсіз аймақта тұрады. Жалпы, пандемия басталғалы әлемде интернет-трафик үш есе қымбаттаған, – делінген хабарламада.
Ал халықаралық электрбайланыс одағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы жұмысшылардың рөлін жоғары бағалап отыр.
Сондай-ақ, ешқандай қымбатшылық болмаған дегенді алға тартуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!