Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған арнайы жұмысшы топ қала аумағында санитарлық тазалық талаптарының сақталуы және заңсыз құрылыстың алдын алу бағытында бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Кезекті аралау барысында А.Айдосов және Сұлтан Бейбарыс көшелерінде орналасқан нысандарда санитарлық талаптардың сақталмауы және заңсыз құрылыс жүргізу деректері анықталды. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша меншік иелеріне ескерту жасалып, тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар Қызылорда облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданды.
Аталған бағыттағы тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!