Бүгін 18 сәуір – халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының “Киелі мекен” апталығы аясында мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, журналист Мұстафа Шоқайдың және әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновтың ескерткіштеріне гүл шоғын қою және тазалық жұмыстарын жүргізу шарасы ұйымдастырылды.
Батырхан Шөкеновтың саябағында бастау алған акцияда композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Тайманов Рамазан Сағындықұлы, Батырханның бауыры Мүсірәлі Шөкенұлы және ақын, Мәдениет саласының үздігі Серік Ыдырысов сөз сөйлеп, Батырдың анасы Диляра апамыз жас өнерпаздарға ақ жол тілеп, батасын берді.
Мұстафа Шоқай ескерткішінің алдындағы акцияда тарих ғылымдарының кандидаты кандидаты, прфессор Дастан Сәтбай және тарих ғылымдарының кандидаты, академик Бақытжан Ахметбек сөз сөйлеп, Мұстафа руханиятының мұрасына тағзым жасады.
Бүгінгі жас ұрпақтың ұлттық болмысын қалыптастыруда, кешегі өткен батырларымыз бен тау тұлғаларымыздың ғұмыры мен еселі еңбегін насихаттауда аймағымызда көптеген ескерткіштер бой көтеріп, ел жадында жаңғыруда.
Акция ескерткіштерді тазалау, ағаш отырғызу шараларымен жалғасты.
Ескерткіштерді қадірлеп таза ұстай баршамыздың, жас ұрпағымыздың міндеті. Ескерткіштерімізді қадірлейік.