HALYQLINE.KZ 2020 жылдың 7 тамызында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Жанкенттегі аспан асты музейдің ашылуы және далалық зерттеу жұмыстарының нәтижелері» тақырыбында ортағасырлық Жанкент қалашығында республикалық ғылыми-тәжірбиелік семинар өтетіндігін хабарлайды.
Іс-шара барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы және «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарымен Жанкент қалашығындағы 2016-2020 жылдар бірігіп жүргізілген ғылыми-зерттеулерінің нәтижелері көрсетіледі. Сонымен қатар, Жанкент қалашығы аумағында аспан асты музейін ұйымдастыру, ескерткішті сақтап қалу және қайта қалпына келтіру жұмыстарының жоспары талқыланады.
Жанкент қалашығы – ортағасырлық Қазақстанның ортағасырлық тарихын, соның ішінде түркі-оғыз тайпаларының тарихын зерттеуде тірек ескерткіш. Бұл ескерткіш 2005 жылдан «Халықаралық Жанкент археологиялық экспедициясымен» зерттеліп келеді.
Зерттеу барысында кешенді археологиялық және пәнаралық зерттеу әдістері пайдаланылып келеді. 2014 жылдан бастап археологиялық зерттеулермен қатар, қазба барысында аршылған архитектуралық құрылыстарды тұмшалау, қайта қалпына келтіру және қорғау аймағын белгілеу жұмыстары да қолға алынды. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде, ескерткіш аумағындағы үй-жайлардың, бөлмелердің жақсы сақталғандығын байқаймыз. Келешекте осы бағыттағы жұмыстар Жанкент қалашығының аумағында археологиялық паркті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында Қызылорда облысының археологиялық ескерткіштерінде далалық қазба жұмыстарын жүргізу, мониторинг және сараптама жасау, т.б. Арал маңы археологиясының өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр. Дөңгелек үстелге елімізге белгілі археолог және тарихшы ғалымдар, қоғам қайраткерлері және «Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мамандары қатысады.
Іс-шара өтетін орын:
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Жанкент ауылы
Уақыты: 15:00, 07 тамыз 2020 жыл
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!