Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зағиптар да соғысқа қатысқан болатын

22.09.2025, 11:40 214

HALYQLINE.KZ

Алексей Федорұлы Бойко ана құрсағынан жарық дүниенің не екенін білмей туылды. Көзі көрмейтіндердің есту қабілеті жоғары болатыны белгілі болғандықтан, Бойкомен 12 адам Ленинград қаласын әуеден қорғайтын (ПВО) әскер сапына алынды. Себебі, ол кезде дыбысты анықтайтын немістердегідей локатр қондырғысы әлі де ойлап табылған жоқ еді. Сондықтан соқыр жандардың қызметіне жүгінуге тура келді.

Ленинград аспанын жаудың әуе шабуылынан қорғау үшін құрылған жеке зенитті №84 бригадасының прожекторлы батальон сапында ефрейтор А.Ф.Бойконың қарамағында 12 зағип-саққұлақ (слухач) болды және ерекше күшейтілген күзетпен қорғалды. Олар құлақтарына арнаулы рупорды киіп алып фашистердің Ленинградты бомбылауға келе жатқан ұшақтарын бірнеше ондаған шақырымнан анықтайтын және ұшақтың маркасына дейін ол «Хейнккель» немесе «Юнкерс» деп дәл айтып және неше ұшақ келе жатқанына дейін хабарлайтын. Оларды зенитті қондырғылар атып түсіріп, қалаға өткізбей тастап отырды.

Ленинград бағытындағы вермахт әскерін Москва бағытына жұмылдырып, қаланы аштық және бомбылау арқылы басып аламыз деген жоспары іске асқан жоқ. Сондықтан Германияның әскери барлауын басқарған адмирал Канарис совет саққұлақ-слухачтарын құртуға арнайы диверсиялық топ жібергенімен, НКВД-ның ерекше бөлімі олардың әрекетін болдыртпай тастады. Ол өз алына үлкен әңгімеге арқау болады.

Ашық дереккөзден алынған суретте: ефрейтор А.Ф.Бойко.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: