Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұмар патшайым жайлы 10 дерек (1-бөлім)

08.03.2022, 10:00 651

1. Парсыларды ойсырата жеңген Тұмар патшайым б.з.д. VI ғасырдың басында, массагет патшасы Спаргапистің отбасында дүниеге келген. Оның анасы — аби тайпасы көсемінің қызы.

2. Тұмар дүние есігін аша сала, анасынан айырылған. Алайда, кейбір деректерде патшайымның анасы бала босанғанда емес, сәл кейін қайтыс болғаны айтылады.

3. Тұмар — сақ көсемі Ишпакайдың ұрпағы. Патшайымның әкесі ел жадында асқан даналығымен, соғыстарды мінсіз жүргізу тактикасымен және тайпалар арасындағы дау-дамайды керемет шеше білетін қасиетімен сақталған.

4. Тұмар бар болғаны бес жасында асау атты үйретіп, бір жылдан кейін акинакты (сақтардың 40-60 сантиметрлік семсері — ред.) қолдануды үйренген.

5. Болашақ патшайым он үш жасында найза, семсермен керемет шайқасуды білді. Садақтан оқ атуға келгенде ол ешкімге дес бермейтін. Тұмар мінген ат шу дегенде маңына қара ілестірмейтін хас тұлпар еді.

Жалғасы бар…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: