Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәшенов Хрущевті қалай құтқарып қалды?

28.05.2025, 12:00 221

HALYQLINE.KZ

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов 1952-1955 жылдары Ақтөбе обкомының бірінші хатшысы болып тұрғанда Н.С.Хрущев Қытайға ресми сапармен бара жатқанда күн райы бұзылып, ұшағы Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болады. Сол кезде түскі ас үстінде Тәшенов Хрущевқа неше түрлі әзіл мен анекдот айтып отырғанына риза болғаны соншалық, ауа райы ашылған соң, аяқ астынан Тәшеновты өзімен бірге Қытайға ертіп кетеді.

Пекинде совет делегациясының құрметіне үлкен банкетте Мао мен Хрущев арақты өлгенше ішеді. Сол кезде СССР мен ҚХР арасындағы патша үкіметі кезінен даулы жерлер туралы сөз болғанда, ләйліп «добрый» болып отырған Хрущев: «Сол жерді сендер-ақ ала қойыңдар!» деп айта салады. Бұны жазып алған қытай барлау органы жазбасын алға тартып, Қытай үкіметі тек қол қоятын хаттаманы даярлап қояды.

Ертеңіне делегация құрамындағы кеңесшілер айтқанда, Хрущев не бүлдіріп қойғанын біліп, екі қолымен басын ұстап: «Не істейміз?» деп отыра қалғанда, Тәшенов: «Азанғы аста маған сөзді бірінші беріңіз» дейді.

Бірінші сөз алған Тәшенов:

«Құрметті жолдас Мао! Кешегі банкет өте керемет өткені үшін рақмет айтамын!. Бірақ мынаны ескеріп айтқым келеді. Жолдас Мао, сіз орыстың жазылмаған заңын (не писанный русский закон) жақсы білесіз! Кешегі арақ ішіп отырған кездегі мас болып айтқан біздің сөздеріміздің бүгінгі отырысымызға еш қатысы жоқ!» дегенде келесі бөлмеде тыңдап, хаттамасын дайындап отырған үкімет адамдары: «Қап, мына қазақ бәрімізді қатырып кетті!» — деп өкініп қалыпты…

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: