Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сталин шинелін Жолбарыс деген итке неге берді?

19.05.2025, 9:55 270

HALYQLINE.KZ

Кеңес-Герман соғысының аяқталу құрметіне 1945 жылдың 24 маусымында Қызыл алаңда атақты Жеңіс парады болғанын білесіздер. Осы парадта жеңіске өз үлесін қосқан қызметтік иттер өзінің нұсқаушыларымен жүріп өтті (фото).

Солардың ішінде парадқа санаулы күндер қалғанда минаға жарылып жарақат алған Жолбарыс овчаркасы қатыса алмайтының білген Жоғары Бас қолбасшы И.В.Сталин батыр итті өзінің шинелімен көтеріп шығуға бұйрық береді. Жолбарысты парадта алып шығу құрметіне 37-ші саперлер батальон командирі Александр Мазовер ие болады.

Жолбарыс 7468 минаны, 150 снарядты тапқан болатын. Соның ішінде Тарас Шевченко моласына, Киевтегі Владимир соборына және Прага мен Вена қалаларындағы ғимараттарға қойылған миналарды іздеп тауып, мыңдаған адамның өмірін құтқарып қалған болатын. Осы қызметі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі төрағасы М.И.Калининнің Жарлығымен «За боевые заслуги» медалімен марапатталған.

Ашық дереккөзден алынған фотода Кеңес Одағының екі батыры гинералиссимус Сталиннің шинелін жамылған атақты итпен суретке түсуді өзіне құрмет деп білген.

Бақытжан  АБДУЛ-ТҮМЕНБАЙ,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: