Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сиам егіздері бала туып, тарихта қалды

30.05.2022, 12:15 1132

HALYQLINE.KZ

Сиам егіздері бұрын да, қазір де адамдарды таңғалдыруда. Медицина қазіргі уақытта оларды ажыратып алуға қауһарлы, ал осыдан 100-150 жыл бұрын оған ешкім сенбейтін. Ал, тарихта олардың бала туып алу оқиғасы бір-ақ рет болды. 1878 жылы Францияда сиам егіздері дүниеге келгенде, ерлі-зайыпты Блажектер елге көрсетуге арланып, оларды тамақтандырмай аштан өлтіргісі келді, алайда ана жүрегі шыдамады. Қыздарды Роза және Жозефина деп атады, 13-ке келгенде дәрігерге көрсеткенде жүрегі бөлек болғанмен жамбасы және асқазаны мен жыныс мүшелері екеуіне ортақ екенін білді. Қыздары 14 жасқа толғанда кәсіпкер-менеджер қыздарымен жақсы ақша табуға болатынын айтқанда, әке-шешесі рұқсат берді. Роза мен Жозефина ән салып, би билеу мен музыка аспабында ойнауды үйренуі концерттік труппаға орсан зор пайда әкелді. Бүкіл Францияға белгілі болғасын, Европа елдерін түгел аралады, Америкада концерті табысты өтті. Қыздарға еркектердің де көзі түсе бастады, Роза әзілқой әрі пысық болғасын неміс офицері Франц Дворак ұнатып Розамен кездесе бастады, әрине үшеуі Жозефинаны қайда жібереді?! Үйленгісі келгенін айтқанда шіркеу рұқсат бермеді, көп әйел алушылыққа жатады деп. Ұнатқан жастар ұрланып кездесетін болды, көп ұзамай бүкіл Париж гу ете қалды, Роза жүкті болып қалды деп, табысты ойлаған концерт труппасының директоры баланы кесерово жолымен алып тастауды ұсынды. Розамен жатыры бір болған соң аналық инстикт пайда болғандықтан, Жозефина да бірден қарсы болды. Бұны білген кей джентельмендер қызығып Жозефинаға да сөз сала бастады. 1910 жылы Роза аман-есен босанып, дүниеге дені сау ұл бала әкелді, екеуінде бірдей сүт пайда болғандықтан алма-кезек емізгендіктен бала тез әрі ірі болып өсті. Ұлының есімін әкесінің құрметіне Франц деп қойғанмен, ол 1917 жылы орыс-герман майданында қаза тапты.

Францтың 5-6 жасынан бастап концерттік сапарға шыға бастады, Европаны аралап болғасын, ұлына Американы көрсеткісі келді, алайда ол арман күйінде қалды. Франц 11-ге келгенде анасы Роза тұмаумен ауырып жатып қалды, Роза жазылған соң Жозефинаның ішкі құрылысы ауыра бастады, дәрігерлер дұрыс диагноз қоя алмады. Жағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқасын, дәрігерлер Розаны операция жасап бөліп алмақшы болғанда Роза рұқсат берген жоқ. 1922 жылы 30 наурызда Жозефина қайтыс болғаннан кейін 12 минуттан соң Розаның да жүрегі тоқтады. Ұлы Францтың тағдыры белгісіз. Тарихта талай сиам егіздері болды, бірақ Роза мен Жозефина Блажектер бала туғасын ғана есімдері тарихта көптеген суреттерімен қалды, соның екеуін ұсынып отырмын, екінші суретте қастарында тұрған 10 жастағы Франц.

Бақытжан  Абдул-Түменбаев,

тарихшы,  журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: