Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шоқан Уәлихановтың әкесіне жазған бір хаты

13.03.2021, 12:00 974

HALYQLINE.KZ Сізге белянд һурматлу ұлұғ мансаблу атамызға, меһірбанлу анамызға, уа барша іні қарындастарымызға көптен көп сәлем. Сәлемнің бағдыда біздерден есендік сұрасаңыз алхамдлилла ифтиля деп білесіз. 13 числада августың Омбу шаһаріне келдік. Генерал-губернатор бір күн бұрын келген екен. Ешбір жат хабар жоқ, есенішіліктен басқа. Гутковский мұнда, Сіздерге көп-көп сәлем көндіреді. Аға сұлтандық хақында кеше Гасфорт нешік үшбу күнгеше «представление» қылған жоқ деп Фридрихсқа сөгіс қылды.

Хұда бұйырса бір жұмада аларсыз. Хатта советник орны бұрынғыдай вакансия болып жәй тұрады, ешбір лайық кісі таба алмадық. Сабалақ бен Ханқожа балларын корпуске принимать қылдық. Ыштабдан Гутковский хат алды, оларды корпусқа алдық деб. Омбыға келерде Қошығұлдың советниктен дәмесі болса алып бірге келіңіз. Гутковский жаһат етермін деп уағда берді – жанаралға таныстыру керек. Біздің Шұрықтың үйі судан жаман болып, сасып кетіпті, ешбір тұруға ләзім емес. Бір кісі жіберіңіз деп едім – жібере көріңіз. Һәм өзіңіз келерде біздің жәйді ұмытпаңыз. Гасфорт ыхыласты жіберуге. Мұхаммедия мен Қозыкені менен сүйіңіз.

Ұғұлыңыз Мұхаммед-Ханафия Уәлиханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: